«Алаңдағы үздік ойыншы»: «Бернли» бапкері Сәтпаевты өзгелерге үлгі етті

ФК "Бернли"

Дастан Сәтпаев Чемпионшиптегі алғашқы стартында «Бернлидің» үздігі атанды.

 

«Бернлидің» бас бапкері Ники Хайен Англия Чемпионшипінің үшінші турында «Норвичтен» 1:4 есебімен жеңілгеннен кейін Дастан Сәтпаевтың ойынына ерекше тоқталды,-деп жазады 1Бол!

18 жастағы қазақстандық шабуылшы үшін бұл Чемпионшиптегі алғашқы негізгі құрамдағы матч болды. Сәтпаев алаңда 95 минут толық ойнап, командасының ең үздік футболшыларының біріне айналды.

Кездесуден кейін Хайен жас шабуылшының энергиясы мен жанкештілігін жоғары бағалап, оны өзге ойыншыларға үлгі етті.

«Бүгін Дастанды да көрдіңіздер — 18 жастағы жігіт алаңдағы үздік ойыншы болды. Басқа футболшылар да өздеріне қарап, сұрақ қоюы керек. Дастанның алаңға әкелген энергиясын, команда үшін қалай күрескенін көрдіңіздер. Барлығы дәл осындай деңгей көрсетуі тиіс», – деді Хайен.

Бапкер маусымның сәтсіз басталғанын да жасырмады. Оның сөзінше, командаға жағдайды өзгерту үшін уақыт пен жүйелі жұмыс қажет.

«Бұл — процесс. Қадам-қадаммен қажетті нәтижеге жетеміз. Әрине, мен үшін де жағдай қиын. Жанкүйерлердің көңілі қалғанын түсінемін және олардың реакциясын қабылдаймын. Маусым осылай басталады деп ойламадым, бірақ жағдайды өзгертетінімізге кепілдік беремін», – деді маман.

Статистикалық Flashscore порталы Сәтпаевтың ойынына 7,6 балл қойды. Бұл «Бёрнли» футболшылары арасындағы ең жоғары көрсеткіш болды.

Үш турдан кейін «Бернли» Чемпионшипте қатарынан үш рет жеңіліп, турнир кестесінің төменгі бөлігінде орналасып отыр.