Швейцарияда фестивальде атыс болды

Фото: BILD

Швейцарияның Арау қаласында өткен техно-фестивальде болған атыстан 1 адам қаза тапқан және 5 адам жараланған. Атыс жасаған адам іздестіріліп, шабуылдың мән-жайы анықталып жатыр,- деп хабарлайды BILD.

Атыс түнгі сағат 02:30 шамасында Aarauer Rave фестивалі өтіп жатқан ипподром маңында болған. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, бастапқыда олар атыс дыбысын отшашу деп ойлаған. Біреудің «Барлығын төмен жатыңдар!» деп айқайлауынан кейін фестивальге келгендердің бір бөлігі диджей пультінің астына жасырынған. 

Ипподром аумағы қоршауға алынды. Оның жанындағы бассейн де жабылды. Фестивальге шамамен 3500 адам қатысқан.