Бадминтоннан Дмитрий Панарин Нигериядағы халықаралық турнирдің қола жүлдесіне ие болды

ҰОК

Бадминтоннан Нигерияның Лагос қаласында өткен Lagos International Badminton Classics 2026 турнирінде ұлттық құраманың көшбасшысы Дмитрий Панарин жартылай финалға дейін жетіп, қола жүлдегер атанды.

Отандасымыздың жарыстағы жолы:

Пранаув Рам Нагалингам (Үндістан) - 2:1

Сайду Алиуи (Нигерия) - 2:0

Шашаанк Сей Муннанги (БАӘ) - 2:0

Танкара Гнана Дату Таласила (Үндістан) - 1:2

Айта кетейік, 26-29 тамыз аралығында жалғасқан жарыста 24 елден 149 қатысушы сынға түсті.