Енді қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын түгел инвестициялық компанияларға сала алады. Бұл мүмкіндік 7 қыркүйектен бастап күшіне енетін өзгерістерге байланысты. Бұған дейін міндетті зейнетақы жинақтарының 50 пайызына дейін ғана аударуға рұқсат етілген.
АЙБАР ОЛЖАЕВ, ЭКОНОМИКАЛЫҚ САРАПШЫ:
Олардың табыстылығы көбірек болуы мүмкін. Сіздің жинақтап отқан зейнетақыңызды тезірек көбірек көбейтіп беру үшін беруге болады. Егер сенсеңіз. БЖЗҚ табысы 12 пайыз, сол инфляцияның ар жақ бер жағы, ал жекеменшіктер 18 көрсетуі мүмкін. Сонда 6 пайызға жоғары жылына. Егер сізге тәуекелге барып көргіңіз келсе, таңдау жасауғак болады.
Жаңа тәртіп бойынша салымшы жинағының толық көлемін инвестициялық компанияның басқаруына бере алады. Ол үшін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының бөлімшесіне барып өтініш жазу қажет. Сонымен қатар басқарушы компанияны арнайы платформадан таңдауға болады. Қазіргі уақытта зейнетақы активтерін басқаруға алты қаржылық ұйымның рұқсаты бар.
ЛӘЗЗАТ ӘМІРҒАЛИЕВА, "БЖЗҚ" АҚ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТФЕЛЬДІ ТАЛДАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:
Салымшыларға ИБП-ны таңдау кезінде қолайлы болу үшін зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі invest.еnpf интернет платформасындағы ай сайын барлық қажетті ақпарат жарияланады. Атап айтқанда, онда қаржылық көрсеткіштер, зейнетақы активтерінің кірістілігі, сенімгерлік басқарудағы зейнетақы активтерінің көлемі, инвестициялық портфельдің құрылымы және оның динамикасы көрсетіледі.