Ақмола облысында құмар ойынға бәс тіккен шенеуніктер ұсталды. Мемлекеттік қызметкерлерінің бірі мобильді қосымша арқылы бәс тігуді әдетке айналдырған. Ол букмекерлік шотына 5 миллион 7 жүз мың теңгеден астам қаржы аударған көрінеді. Қазір өңірде шенеуніктердің құмар ойын ойнауға шектеу қою үшін бақылау күшейтілді.
ШОРТАНДЫ АУДАНЫНЫҢ ПРОКУРАТУРАСЫ:
Тексеріс нәтижесінде "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Мемлекеттік қызмет туралы" заңдар, мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі бұзылғаны анықталды. Заң бұзған мемлекеттік қызметшілерге қатысты тәртіптік жаза қолданылды.