Павлодарда Ертіс өзенінің суын заңсыз пайдаланғандар анықталды

Павлодарда Ертіс өзенінің суын заңсыз пайдаланғандар анықталды. Өңірдің мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы 50-ге жуық  заңсыздықтың жолын кесті. Жазғы уақытта диқандар егін суару үшін өзеннен жер үсті және жер асты су құбырларын тартқан. Ал демалыс үйлері және өзге де кәсіпорындар суды жасырын пайдаланып келіпті. Осыған қатысты табиғатты қорғау прокуратурасы 15 тұлғаны әкімшілік жауапгершілікке тартты. Олар ұзақ жылдар бойы тіршілік нәрін ешқандай рұқсат құжатынсыз қолданған.

ИНАБАТ ҚАСЫМОВА, ОБЛЫСТЫҚ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ АҒА ПРОКУРОРЫ:

Су кодексінің талаптарын бұза отырып, ауыл шаруашылығы кәсіпорындары, коммуналдық ұйымдар және демалыс базалары су пайдалану рұқсат болмаған кезде жер үсті және жер асты суларын тартқаны анықталды. Қадағалау актісі бойынша 20 млн. теңгеден астам айыппұл соммасына 15 тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Аталған бағытта жұмыс жалғасуда.