Мексикада полиция бөлімшесінің жанында көлік жарылып, 2 адам қаза тапты

Мексикада полиция бөлімінің жанында тұрған көлік жарылды. Оқиға Сакатекас штатындағы Охокальенте қаласында болған. Салдарынан 2 адам қаза тауып, 15 адам жарақат алды. Арасында енді туылған нәресте де бар. Алдын ала мәлімет бойынша, көлікке мина орнатылған. Жарылыс қала тұрғындары жергілікті жұрт үшін аса маңызды мейрамды тойлап жатқан кезде болған. Аталған аймақ АҚШ-қа есірткі тасымалдау үшін маңызды жол торабы. Сондықтан, жергілікті билік пен күштік құрылымдар бұл әрекеттің артында Халиско немесе Синалоа картелдерінің бірі тұр деп санайды. Айта кетейік, қос қылмыстық ұйым транзиттік бағыт үшін күресіп келе жатқанына ондаған жыл болып қалды.