"Инженерлік білімге мектептен бастап көңіл бөлу керек"- Лаура Қарабасова

  • AstanaTV
  • 01 қыркүйек 2026

Үшем және егіздер мектеп табалдырығын алғаш аттады. Астанадағы Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейіндегі алғашқы қоңырау салтанатты шарасында осындай ерекше сәтке куә болды. Құрылтай депутаттары Лаура Қарабасова мен Асхат Аймағамбетов қатысып, оқушылардың білім жолындағы алғашқы қадамымен құттықтады. Білім, ғылым және инновация - ел дамуының стратегиялық бағыттарының бірі. Сондықтан сапалы білім беруден бастап, оқушылардың ғылымға қызығушылығын арттыруға дейінгі мәселелерге ерекше көңіл бөлінбек. Әсіресе, мектеп қабырғасынан жаратылыстану-математикалық пәндердің негізін терең меңгерту маңызды. Депутаттар ұстаздарға қолдау көрсету мен білім алушыларға қажетті жағдай жасау алдағы уақытта да басты назарда болатынын айтты.

ЛАУРА ҚАРАБАСОВА, ҚР ҚҰРЫЛТАЙЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, «ӘДІЛЕТ» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Жалпы мектепте инженерлік білімнің негізі қаланады. Мемлекеттің қажеттілігі үшін, экономиканың сұранысы үшін қажетті мамандардың барлығының осы мектептен негізі қаланады. Сондықтан біз университет деңгейінде ғана емес, мектептен бастап сапалы білімнің, математика мен физика пәндерінің негіздерін өте маңызды екендігін айтып келе жатырмыз.