Сәтбаев қаласында Кеншілер мен байытушылар күніне арналған салтанатты шара өтті

  • AstanaTV
  • 01 қыркүйек 2026

Сәтбаев қаласында да Кеншілер мен байытушылар күніне арналған салтанатты шара өтті. «Қазақмыс қазынасы» жиынында үздік маманнан бастап сала ардагерлеріне дейін құрметке бөленді.

Жер қойнауындағы қазынаны ел игілігіне айналдырып жүрген еңбек адамдарына Сәтбаевта арнайы құрмет көрсетілді. Мұнда 300-ден астам жұмыскер  ведомстволық және корпоративтік марапаттарға ие болды. Соның бірі - Тұрсынбек Махышев. 20 жасынан кен саласында еңбек еткен.

ТҰРСЫНБЕК МАХЫШЕВ, КЕНШІ:

36 жыл еңбек өтілімнің 35 жер астында үңгілеуші қызметін атқарғам. Бригадир болдым 14 жыл. Еңбегіміз өте ауыр, қауіпті, зияндығы да бар. Сондықтан барлығына отбасыларына әр ауысымнан аяқ қолы аман қайтуға тілектеспін.

Бүгінде «Қазақмыс» тобында 34 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Олар 14 кеніш, 5 байыту фабрикасы мен 2 мыс балқыту зауытының үздіксіз жұмысын қамтамасыз етіп отыр. Компания еңбек қауіпсіздігі мен өндірісті жаңартуға да баса мән беруде.

ЕРЛАН РАХЫМБЕКОВ, КЕНШІ:

Бүгін 1-ші дәрежелі кенші даңқын алып отырмын. Сәтпаев, Жезқазған қаласының кеншілері мен байытушыларын кәсіби мерекесімен құттықтап, отбасыларына амандық, төбелері берік болсын.

Салтанатты жиында кен саласында табысты еңбек етіп жүрген азаматтарға «Еңбек ардагері» медалі, «Кенші даңқы» мен «Еңбек даңқы» төсбелгілері  табысталды. Сондай-ақ  «Ұлытау қайырымдылық қоры» атынан көпбалалы анаға 3 бөлмелі пәтердің кілті берілді. Салтанатты кеш танымал өнер жұлдыздарының концерттік бағдарламасымен аяқталды.