Жетісудағы жол апаты алты адамның өмірін қиды

Жетісудағы жол апаты алты адамның өмірін қиды. «Сарыөзек – Көктал» тасжолында қос «Chevrolet Cobalt» соқтығысып, жолаушылар сол жерде тіл тартпай кеткен. Ал ауыр жарақат алған тағы бір адам ауруханаға жеткізілді. Апатқа жүргізушілердің бірі қарсы бағытқа шыққаны себеп көрінеді. Қазіргі уақытта полиция қылмыстық іс қозғап, қайғылы жағдайдың мән-жайын анықтауда.