Жетісу облысында жол апатынан алты адам қаза тапты

Фото: inbusiness.kz

Жетісу облысында Chevrolet Cobalt маркалы екі көлік соқтығысып, алты адам қаза тапты.

Жол апаты Сарыөзек – Көктал автожолының 110-шақырымында болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, көліктердің бірінің жүргізушісі қарсы бағыттағы жолаққа шығып кетіп, екінші автокөлікпен соқтығысқан.

«Алты адам оқиға орнында қаза тапты, тағы бір адам түрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілді», – деп мәлімдеді облыстық полиция департамениі.

Жол апаты дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.