Қазақстанда тамыз айындағы инфляция деңгейі қандай болды?

Фото: © Depositphotos.AndreyPopov

2026 жылғы тамызда еліміздегі айлық инфляция шілде айындағы деңгейде сақталып, 0,6% болды.

Тамызда азық-түлік өнімдерінің ішінде картоп, тәтті бұрыш, қырыққабат, жүзім, пияз, алманың бағасы арзандаған.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар:

Пайдаланылған жеңіл автомобильдер - 5,3%;

Планшеттер - 5%;

Медициналық маскалар - 2,9%;

Медициналық термометр - 1,9%;

Электр еттартқыштар мен балалар жөргектері 0,8% арзандаған.

Ал жылдық мәнде инфляция 9,8%-ды құрап отыр. Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағасы 11,4%, азық-түлік тауарлары 9,5%, ақылы қызметтер 8,9% өскен.

Өткен жылғы тамыз айымен салыстырғанда азық-түлікке жатпайтын тауарлардың ішінде отандық құрастырылған жаңа автомобильдердің бағасы 16,9%, электр бұрғылары мен бұрауыштар 8,0%, кондиционерлер 7,6%, медициналық бинттер 3,1% төмендеген.