Шымкент қаласында түнгі кезекшілік кезінде патрульдік полиция қызметкерлері көшеде ересектердің қарауынсыз жүрген екі кішкентай баланы байқап, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етті.
Тәртіп сақшылары балаларды патрульдік көлікке отырғызып, “102” арнасы арқылы олардың ата-аналары іздеп жатқанын анықтаған. Көп ұзамай балалардың ата-аналарымен байланыс орнатылып, бүлдіршіндер аман-есен үйіне жеткізілді.
Балаларының аман табылғанына қуанған ата-аналар полицейлерге алғыстарын жеткізді.
Сонымен қатар полиция қызметкерлері ата-аналармен профилактикалық әңгіме жүргізіп, балаларды қараусыз қалдырмаудың және олардың қауіпсіздігіне әрдайым жауапкершілікпен қараудың маңызын түсіндірді.