Алаяқтар енді неке мерзімін «ұзартуға» көшті. Неке туралы құжаттарыңызды жаңартыңыз, әйтпесе банк қызметін қолдана алмайсыз деп алдайды.
Әділет министрлігі осындай хабарлама келсе, сілтеме арқылы өтуге болмайтынын ескертеді.
«Неке бір рет тіркеледі және оның шекті мерзімі белгіленбейді. Әлеуметтік желілерде екінші деңгейлі банктердің қосымшасы арқылы таралып жатқан ақпарат шындыққа сәйкес келмейді»,-деп хабарлады ведомство өкілдері.