Индонезияда Синабунг жанартауы атқылады

Фото: apnews.com

Солтүстік Суматрадағы Синабунг жанартауы қайта атқылап, күлді  3,5 шақырым биіктікке дейін шашқан.

Индонезияның Табиғи апаттарды басқару ұлттық агенттігінің (BNPB) мәліметінше, жанартаудың қауіп деңгейі III деңгейге дейін көтерілді. Тұрғындарға қауіпті аумаққа жақындамау ескертілді.

Синабунг 2010 жылы ғасырлар бойғы тыныштықтан кейін қайта оянған. Содан бері жанартаудың белсенділігі бірнеше рет тіркелді.