Қазақстанда терроризм және экстремизм қылмыстары үшін 19 адам сотталды

Фото: t.me/knbgov_kz

2026 жылдың маусым-тамыз айларында террористік және экстремистік қылмыстар жасаған 19 адам түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы ҰҚК хабарлады. 

Сотталғандардың бірі – 2017 жылдан бері халықаралық террористік ұйымдардың қызметіне қатысқаны үшін іздеуде жүрген Алматы қаласының тумасы. Ол Түркияда ұсталып, 2025 жылы Қазақстанға депортацияланған. Сот оны 8 жылға бас бостандығынан айырды.

Шымкент тұрғыны әлеуметтік желілерде терроризм идеологиясын насихаттап, таныстарын зорлық-зомбылық әрекеттеріне шақырғаны үшін 9 жылға сотталды.
Сонымен қатар Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен алты облыста жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында 28 адам ұсталды. Олар терроризмді насихаттау, діни араздықты қоздыру, тыйым салынған материалдарды тарату және экстремистік ұйым қызметіне қатысу күдігіне ілінген.

Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.