Жамбылда қоқыстан жаңа туған сәби табылды

фото: pixabay

Жамбыл облысы Қордай ауданындағы Гвардейский гарнизоны аумағында қоқыс контейнерлерінің бірінен жаңа туған сәби табылды.

Telegram-арнаның мәліметінше, ақпаратты аудандық полиция бөлімінің өкілдері растады. Қазір оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.

Алдын ала мәлімет бойынша, табылған сәби – қыз бала. Дәрігерлердің айтуынша, оның денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.