2 келі мефедрон: Алматыда әйел адам есірткімен ұсталды

фото: polisia.kz

Алматы-Бішкек жолында кетіп бара жатқан көліктен мефедрон есірткісі табылды.

Полиция департаментінің мәліметінше, есірткі жолаушы орындығының астына жасырған. Күдікті ретінде әйел адам ұсталды.

Алматы қаласы Полиция департаментінің есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Наурызбай аудандық полиция басқармасының полицейлерімен бірлесіп, жедел ақпаратқа сәйкес психотроптық заттарды тасымалдауға пайдаланылуы мүмкін автокөлікті тоқтатты.

Көлік Алматы-Бішкек тасжолында тоқтатылды. Тінту барысында жедел қызметкерлердің назарына жолаушы орындығы ілікті. Оның астынан ұнтақ тәрізді зат салынған бірнеше вакуумдық пакет табылды.

«Алдын ала болжам бойынша, алынған зат – мефедрон. Жалпы салмағы шамамен екі килограмды құрады. Бұл – ірі көлемдегі партия. Тергеу барысында істің мән-жайы да анықтала бастады. Алдын ала мәлімет бойынша, әйел Telegram-арна арқылы «жұмыс» тапқан. Оның міндеті есірткі заттарын тасымалдап, кейін оларды жасырын орындарға қалдыру болған. Тексеру барысында оның көрсетілген тапсырмаларды орындағаны үшін криптовалюта түрінде ақы алып отырғаны анықталды. Тәркіленген заттың нақты түрі мен салмағын анықтау үшін сараптамаға жіберілді», – делінген ПД хабарламасында.