Қазақстан Үкіметі казино, ойын автоматтары залдары, букмекерлік кеңселер мен тотализаторлар жұмыс істей алатын аумақтардың тізімін бекітті.
Қаулыға сәйкес, казино, ойын автоматтары залдары, букмекерлік кеңселер мен тотализаторларды мына аумақтарда орналастыруға рұқсат етіледі:
- Алматы облысындағы Қапшағай су қоймасының жағалауы;
-Ақмола облысының Бурабай ауданы.
Бұдан бөлек, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға ғана қызмет көрсететін казино мен ойын автоматтары залдары ашылатын аумақтар да белгіленді. Бұл ойын орындарына шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ онда жұмыс істейтін немесе қызметтік міндетін атқару үшін келген адамдар кіре алады.
Бұл тізімге:
- Алматы облысының Талғар және Ұйғыр аудандары;
- Маңғыстау облысындағы Каспий теңізінің жағалауы;
- Жетісу облысындағы Алакөл жағалауы мен Панфилов ауданы;
- Шығыс Қазақстан облысының Марқакөл және Зайсан аудандары;
- Батыс Қазақстан облысының Бәйтерек ауданы;
- Абай облысындағы Алакөл жағалауы кіреді.
Қаулы 2026 жылғы 11 қыркүйектен бастап күшіне енеді.