Жамбыл облысындағы әскери гарнизонның қоқыс жәшігінен жаңа туған нәресте табылды. Шақалықты медициналық мекемеге жеткізген. Дәрігерлердің айтуынша, сәби сап-сау, денсаулығына ешқандай қауіп жоқ. Ал полиция қызметкерлері баланың анасын дер кезінде анықтап, бөлімшеге жеткізген. Енді 37 жастағы әйелдің мұндай қатігездікке не себепті барғаны тергеліп жатыр.
ГҮЛСАРА МҰХТАРҚҰЛОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру және тергеу іс-шаралары барысында қысқа уақытта жаңа туған нәрестені қауіпті жағдайда қалдырған күдікті әйел анықталды. Күдікті полиция бөліміне жеткізілді, кінәсін мойындады. Жан-жақты, толық тергеп-тексеру нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады.