Қарағандыда ауруханадан өрт шығып, 20 науқас қауіпсіз жерге көшірілді

Қарағандыда ауруханадан өрт шығып, нейрохирургия бөлімшесінде жатқан 20 науқас қауіпсіз жерге көшірілді.

Алдын ала мәлімет бойынша, негізгі ғимаратқа жапсарлас 1 қабатты бөлмеде жиналған макулатура өртенген. Одан шыққан жалын кіреберіс бөліктің ағаш шатыр құрылымына тараған. Бұл құрылыс та аурухананың негізгі 5 қабатты ғимаратына жапсарлас орналасқан. Шамамен 25 шаршы метр аумақты шарпып қара түтінге оранған. Төтенше жағдай қызметкерлері тілсіз жаудың аурухананың негізгі ғимаратына таралуына жол бермей дер кезінде ауыздықтап үлгерген. Қазір мекеме әдеттегідей жұмыс істеп тұр.

МАҚСАТ ДҮЙСЕНБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД ӨРТ СӨНДІРУ ЖӘНЕ АВАРИЯЛЫҚ- ҚҰТҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Төтенше жағдай қызметкеолері мен әкімшілік бірлесіп нейрохирургия бөлімшесінен 20 пациентті ғимараттың көршілес блогына шығарылды. Өрттің әрі қарай өршуіне жол берілмеді. Зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында ТЖД - нен 80 адам жеке құрам, 5 құтқарушы және 21 бірлік техника, жергілікті атқарушы орган, полмция департаменті және жедел жәрдем бригадасы жөнелтілді. Өрттің себебі анықталуда.

ЕРБОЛ АЙМАҒАМБЕТОВ, Х. МАҚАЖАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНА ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Өрттің салдарынан түтін шықты. Көбінесе сол жақ қанатқа қауіп төнді. 20 науқасты әр түрлі бөлімшелерге орналастырдық. Дер кезінде өрт сөндірілгендіктен аурухана өз режиміне оралды.