Түркістан облысында жүк көлігі отқа оранды

Түркістан облысында да алапат өрт болды. Қазығұрт ауданының аумағында республикалық маңызы бар «Алматы–Термез–Ташкент» автожолында тіркемесі бар жүк көлігі отқа оранды. Сонымен қоса шамамен 1 гектар аумақтағы құрғақ шөп жанды. Белгілі болғанындай, жүк көлігінде 22 тонна синтетикалық май болған. Өрт салдарынан жүк көлігі мен тіркеме толықтай жанып, синтетикалық майдың бір бөлігі автожолдың жүру бөлігіне төгілген. Төтеншеліктердің мәліметінше, зардап шеккендер жоқ.