Алматыда кәмелетке толмаған жасөспірім көлікпен қоршауды қиратты

  • AstanaTV
  • 02 қыркүйек 2026

Алматыда 10-шы сынып оқушысы жол талғамайтын көлікті басқарып, жеке үйдің қоршауына соғылды. Жол-көлік оқиғасы Түрксіб ауданындағы Артиллерия көшесінде болған. Полицияның мәліметінше, кәмелетке толмаған жасөспірім Nissan Patrol көлігімен Тоқтағұл көшесімен оңтүстік бағытта келе жатқан. Артиллерия көшесімен қиылыста рөлге ие бола алмай, жеке үйдің темір қоршауына соғылған. Апат салдарынан тас қоршаудың бір бөлігі мен қақпа қираған. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ. Қазір оқиғаның мән-жайын Түрксіб аудандық полиция басқармасының қызметкерлері анықтап жатыр.

САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Қазіргі таңда баланың өзіне қатысты сонымен қатар, оның ата-анасына қатысты іс-шаралар кешені жүргізілуде. Ата-анасы баланың тәрбиесіне немқұрайлы қарағандары үшін міндетті түрде әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Жол-көлік оқиғасы бойынша бала жауапкершілікке тартылатын болады.