Орал қаласында бір апта ыстық су болмайды

фото: pixabay

7-13 қыркүйек аралығында Орал ЖЭО-ның жылу өндіретін жабдықтары толық тоқтатылады.

"Жайықжылуқуат" АҚ мәліметінше, жабдықтарды тоқтату күзгі-қысқы кезеңге дайындық аясында қажет.

Станцияда техникалық диагностика және гидравликалық сынақтар жүргізіліп, негізгі және қосалқы жабдықтар тексеріліп, жөнделеді.

Сондай-ақ мамандар алдағы жылыту маусымына жылу желілерін дайындау бойынша қажетті жұмыстарды атқарады деп жоспарланған.