Алматыдағы дәріханалардың бірінің фармацевт болып жұмыс істейтін әйел Ақтөбе облысына заңсыз дәрі-дәрмек жөнелткені үшін ұсталды. Тұтастай бір қылмыстық топ құрған ол аса күшті әсер ететін дәрі-дәрмектерді заңсыз сатқан. Тергеу дерегіне сәйкес, оның құрамында оператор, ораушы және дәрі-дәрмекті жасырын жерлерге қалдыратын «закладчиктер» болған. Құқық қорғау органдары жүргізген арнайы операция барысында мыңнан астам дәрі тәркіленіп, күдікті заңды қызметін қылмыстық мақсатта пайдаланғаны анықталды.
ҮМІТБЕК ФАРХАДОВ, ҚР ІІМ ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ КОМИТЕТІНІҢ АҒА ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ:
Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде қылмыстық топтың барлық мүшелері ұсталды. Ішкі істер министрлігі күшті әсер ететін заттардың заңсыз айналымы үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылатынан ескертеді.