Көшпенділер ойындарында қоржынға алғашқы медальдар түсті

  • AstanaTV
  • 02 қыркүйек 2026

Көшпенділер ойындарында қоржынға алғашқы медальдар түсті. Аударыспақтан Кәрім Нұрталап пен Сайлау Мұхаммеджан өз салмақ дәрежелерінде топ жарып, Қазақстан қоржынына екі алтын медаль салды. Екеуі де финалда Қырғызстан спортшыларымен кездесіп, жеңіске жетті. Ал 80 келі салмақта сынға түскен Расул Құрайыш ақтық сында қырғызстандық қарсыласына есе жіберіп, күміс жүлдені қанағат тұтты. Сонымен қатар таяқ тартудан Нұрсұлтан Есімбай 90 келіге дейінгі салмақта қоржынға қола медаль қосты. Осылай ел құрамасы жарыстың алғашқы күндерінен-ақ жүлде үшін таласта басты фаворит екенін көрсетті.