Көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы тағы екі медаль жеңіп алды

Фото: спорт комитеті

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Алыш күресінен аса жеңіл салмақта сынға түскен Тұрмаханбет Қалмұхан жүлделі орыннан көрінді.

Спортшымыз тартысты белдесулер өткізіп, жарыс қорытындысы бойынша қола медаль иеленді.

Ал алыш – белбеу күресінен еркін стиль бойынша 60 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Әбубәкіров Жандос жүлделі III орынға табан тіреп, қола медаль иеленді.