Қостанайда аса ірі мөлшерде марихуана алып жүрген ер адам ұсталды

Polisia.kz

Қостанай қаласында жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері 29 жастағы қала тұрғынын ұстады. Ер адам автокөлікпен бокс добын тасымалдаған.

Тексеру кезінде оның ішінен өсімдік тектес зат табылды. Сараптама қорытындысына сәйкес, салмағы 1 130 грамм марихуана екені анықталды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта есірткі затын сатып алу көзі мен оқиғаның өзге де мән-жайларын анықтауға бағытталған жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды.