Қазақстан Республикасы Құрылтайының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің отырысында ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысы лауазымына тағайындау үшін Ғалымжан Қойшыбаевтың кандидатурасы келісілді.
Бұл мәселе «Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 30-бабына сәйкес қаралды.
Комитет отырысының нәтижесінде ұсынылған кандидатураны Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысы қызметіне тағайындауға болатыны туралы қорытынды қабылданды.