Қанат Бозымбаев Премьер-Министрдің орынбасары лауазымына тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

Құрылтайдың Өңірлік және инфрақұрылымдық даму комитеті ҚР Премьер-министрінің орынбасары лауазымына тағайындау үшін Қанат Бозымбаевтың кандидатурасы келісім берді.

«Бұл мәселе «Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 30-бабына сәйкес қаралды. Комитет отырысының нәтижесінде ұсынылған кандидатураны Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары лауазымына тағайындауға болатыны туралы қорытынды қабылданды», - деп хабарлайды Құрылтайдың баспасөз қызметі.