Жаслан Мәдиев қызметінде қалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Жаслан Хасенұлы Мәдиев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі лауазымына тағайындалды.

 

«Қазақстан Республикасы Құрылтайының Цифрландыру, инновациялар және ғылым комитетінің отырысында ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі лауазымына тағайындау үшін Жаслан Мәдиевтің кандидатурасы келісілді. Бұл мәселе «Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 30-бабына сәйкес қаралды», - деп хабарлайды Құрылтайдың баспасөз қызметі.

Комитет отырысының нәтижесінде ұсынылған кандидатураны Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі лауазымына тағайындауға болатыны туралы қорытынды қабылданды.