Бүгін Құрылтайдың салалық комитеті Көлік министрінің кандидатурасынп келісім берді.
«Қазақстан Республикасы Құрылтайының Өңірлік және инфрақұрылымдық даму комитетінің отырысында ҚР Көлік министрі лауазымына тағайындау үшін Нұрлан Сауранбаевтың кандидатурасы келісілді», - деп хабарлайды Құрылтайдың баспасөз қызметі.
Құрылтайдың келісімінен кейін Ақорда оны осы лауазымға қайта тағайындады.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Ермекұлы Сауранбаев Қазақстан Республикасының Көлік министрі лауазымына тағайындалды», - деп хабарлайды Ақорда.