Құрылтайдың салалық комитеті ҚР Қаржы министрінің кандидатурасына келісім берді

Құрылтайдың салалық комитеті ҚР Қаржы министрінің кандидатурасына келісім берді.

«Қазақстан Республикасы Құрылтайының Қаржы және бюджет комитеті ҚР Қаржы министрі лауазымына тағайындау үшін Мәди Такиевтің кандидатурасына келісім берді», - деп хабарлайды Құрылтайдың баспасөз қызметі.

Іле-шала Ақорда да оның тағайындалғаны туралы ақпарат таратты.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Мәди Төкешұлы Такиев Қазақстан Республикасының Қаржы министрі лауазымына тағайындалды», - деп хабарлайды Ақорда.