Ерлан Сәрсембаев Әділет министрі лауазымына қайта тағайындалды

Бүгін Ақорда Ерлан Сәрсембаевты Әділет министрі етіп қайта тағайындады.

Алдымен Құрылтайдың салалық комитеті ҚР Әділет министрінің кандидатурасына келісім берді.

«Қазақстан Республикасы Құрылтайының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің отырысында ҚР Әділет министрі лауазымына тағайындау үшін Ерлан Сәрсембаевтың кандидатурасы келісілді. Бұл мәселе «Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 30-бабына сәйкес қаралды», - деп хабарлайды Құрылтайдың баспасөз қызметі.

Кейін оның осы лауазымға қайта тағайындалғаны туралы Ақорда хабарлады.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Жақсылықұлы Сәрсембаев Қазақстан Республикасының Әділет министрі лауазымына тағайындалды», - деп хабарлайды Ақорда.