Димаш Құдайберген Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан сыйлыққа алған тазы итіне «Ғарышкер» деп ат қойған

Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан сыйлыққа алған тазы итіне «Ғарышкер» деп ат қойған. Әнші бүгінгі Қазақы тазы күніне орай әдемі естелік жазған.

Ол қазақ тазысы күнімен құттықтап, бірегей кадрлармен бөлісті.

Бірінші суретте - бәріміз жақсы көретін тұлпар Ақжанның әкесімен бірге түскен сәтім. Мемлекет басшысының тұлпарымен серуендеп қайту мен үшін үлкен мәртебе болды. Ал екінші суретте менің қасымда Мемлекет басшысының Нэнси және Наурыз атты тазылары. Менің тазымен ерекше оқиғам бар. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы маған тазы сыйлаған болатын. Мен оған Ғарышкер деп ат қойдым. Осы бірегей кадрлар үшін Президент Телерадиокешеніне алғыс айтамын, – деген жазбасында.