Төтенше жағдайлар министрі тағайындалды

Үкімет

Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұрат Сейтмолдаұлы Мұханов Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі лауазымына тағайындалды.

Құрылтайдың салалық комитеті оның кандидатурасына келісім берген.

«Қазақстан Республикасы Құрылтайының Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің отырысында ҚР Төтенше жағдайлар министрі лауазымына тағайындау үшін Мұрат Мұхановтың кандидатурасы келісілді. Бұл мәселе «Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 30-бабына сәйкес қаралды», - деп хабарлайды Құрылтайдың баспасөз қызметі.