Павлодарда зейнеткерді зорлап өлтірген қаскөй сотталды

Павлодарда зейнеткерді зорлап өлтірген қаскөй сотталды. Оқиға осыдан 14 жыл бұрын болған. 2012 жылы  қаладағы бау-бақшалардың бірінде 48 жастағы ер адам қыдырып жүріп, 72 жастағы зейнеткерді кездестіріп қалыпты. Кейін оның үйіне кірген. Үйде ішімдік ішіп, артынша оған зорлық көрсеткен. Қылмысын жасыру үшін зейнеткерді тұншықтырып өлтіріпті. Алайда, қаскөйдің бұл қылмысы дер кезінде ашылмаған. 2023 жылы тағы да қанды қылмыс жасап, 59 жастағы танысын да бақиға аттандырған.  Осы уақытта дейін түрмеде жазасын өтеген. Жақында оның 14 жыл бұрын жасаған қылмысы әшкере болып, екі адамды өлтіргені үшін 20 жылға бас бостандығынан айырылды.

АГИДЕЛЬ ИБРАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ СОТТЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Сот шешімімен «М» есімді азамат ҚР Қылмыстық кодексінің 120 бабы, 1-бөлігі және 121 баптың 1 бөлігі бойынша қылмыстың жасалғанына көп уақыт өтуіне байланысты жауапгершіліктен босатылды. Ал ҚР Қылмыстық кодексінің 96 бабы 2 бөлігі бойынша «М» есімді азамат кінәлі деп танылып, жекелеген жазаларды ішінара қосу арқылы қылмыстар жиынтығы үшін  2023 жылдың 19 қыркүйегіндегі сот шешіміне сәйкес оған 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жазасын қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтейтін болады.