Ата-ананың қаржылық мәселесі балаға да әсер етуі мүмкін

  • AstanaTV
  • 03 қыркүйек 2026

Ата-ананың қаржылық мәселесі балаға да әсер етуде. Банк картасын бұғаттаса баласы қаржы жұмсай алмайды. Өйткені, олардың картасы ата-аналарына рәсімделеді.

Технология түрленгенде төлемнің түр түрі шықты. Бүгінде ата ана балаға берер ақшасын, қолына емес, арнайы есеп шотына салады. Қаражатын қайда қалай жаратты бәрі дерлік көрініп тұрады. Бірақ ата-ананың картасы қарыздарына байланысты бұғатталса, баласы да қаражатын жарата алмайды.

АЙБАР ОЛЖАЕВ, ЭКОНОМИКАЛЫҚ САРАПШЫ:

Ата анасында қандай шектеулер бар оның баласының өнімі болса, оған да шектеулер болады. Өйткені ол опекундық қараудың ішінде болады. 18ге толған күннен бастап, олардың арасындағы құқықтық міндеттердің бәрі ажырайды. Сол кезде бала өзі дербес болады. Ол ата анасының қандай да бір аресті тағы да басқа шектеулерге оған жауап бермейтін болады.

Мұнда карта кімнің атына рәсімделгені ғана емес, шоттың құқықтық мәртебесі де роль ойнайды. Сарапшылардың айтуынша, балалардың қаржылық дербестігі мен ата-ананың міндеттемелері арасындағы шекараны нақты түсіндіру маңызды. Кейде баланың ақшасын заң талаптарына сай алуға болады.

ЖАНДОС ТҰЯҚОВ, ЗАҢГЕР:

Егерде жеке шот ашылып қойса мысалы түрлі қазір балаларға арналған кез келген банкте арнайы шоттар бар ғой. 18 жасқа толғанға дейін. Ол шоттарды сот орындаушы бұғаттауға арест салуға құқығы жоқ. Бір көзқарасқа қарағанда екеуі бір шот сияқты  бірақ ол шоттар кәмелет жасқа толмаған баланың ЖСН-ны арқылы және туу туралы куәлігі арқылы жүзеге асырылады.

Ата-ананың қаржылық жағдайы бала картасына да әсер етуі мүмкін. Мұндайда банк шарттарын мұқият оқып, баланың қаражатына қатысты құқықтарды білу маңызды.