Енді Chat Gpt қазақ тілінде еркін әрі дұрыс жауап бермек. Астанада ана тілімізді жасанды интеллект кеңістігінде дамытуға арналған жоба қорытындыланды. Оның аясында қазақша мәтін қоры 14 миллиард токенге жетті. Дыбыстық база 12 мың сағатты құрады. Ал сөзді мәтінге айналдыру дәлдігі 98 пайызға дейін өскен. Бұдан бөлек, құжаттарды сандық форматқа түсіретін жаңа ЖИ құралдары жасалды. Деректерден жеке ақпаратты автоматты өшіретін жүйе де іске қосылған.Бастама қазақ тілін цифрлық ортада дамытуды көздейді.
РАУАН КЕНЖЕХАНҰЛЫ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ҚАЗАҚ ТІЛІ» ҚОҒАМЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
Мәтін түріндегі аудиофайл түріндегі өте үлкен деректер қоры керек болды. Біз осы жұмысты мойнымызға алдық. Бұл қазақ тіліндегі түрлі қолданыстағы мәтін болуы мүмкін, аудиофайлдар болуы мүмкін. Енді осылардың арқасында біз Chat Gpt-ді қайта үйретіп жатырмыз. Соның арқасныда бұл аударма құралы ретінде де, әсіресе қазақ мәдениеті, діні, дәстүрі, тарихына қатысты сұрақтарға қатесіз, галлюцинациясыз қазіргі тілмен айтқанда жауап бере алатындай болу керек.