Өскеменде әйелді тонаған күдікті “ізін суытпай” ұсталды

Polisia.kz

Өскеменде әйелді тонаған күдікті “ізін суытпай” ұсталды, — деп хабарлайды Polisia.kz. ШҚО ПД жедел басқару орталығының “102” арнасына Назарбаев даңғылында күндізгі уақытта болған тонау фактісі туралы хабарлама түскен.

Әйел адамның айтуынша, бір дүкен маңында белгісіз ер адам оның мойнындағы алтын алқасын жұлып алып, оқиға орнынан қашып кеткен. Жәбірленуші сол жерде қалып, полицияның келуін күткен. Үлбі полиция бөлімінің қызметкерлері дереу күдіктіні іздеуге кірісті. Бейнебақылау камераларының көмегімен полицейлер оның қозғалыс бағытын анықтады. Көп ұзамай ер адам оқиға орнына жақын маңдағы аулалардың бірінен байқалды. Полиция қызметкерлерінің жедел әрекет етуінің арқасында 37 жастағы ер адам “ізін суытпай” ұсталды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.