Ұлттық қауіпсіздік комитеті 24 қылмыстық топтың жолын кесті

Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Ұлттық қауіпсіздік комитеті ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл бойынша кешенді шараларды іске асыруда. ҰҚК Қазақстанда 24 қылмыстық топтың жолын кесті.

Биылғы жылдың басынан бері ҰҚК полиция органдарымен бірлесіп және прокуратураның үйлестіруімен еліміздің бірқатар өңірлерінде 24 қылмыстық топ мүшелерінің заңсыз әрекетін әшкереледі.

Бопсалау, адам ұрлау, қаруды заңсыз сақтау және басқа да ауыр қылмыстарды жасады деген күдікпен 169-дан астам адам, оның ішінде топ жетекшілері ұсталды. Шекара маңында, өнеркәсіп және қоршаған ортаны қорғау салаларында қылмыстық схемаларды ұйымдастырумен байланысты заңсыз кіріс көздері анықталып, жойылды. Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды, - деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметінің ресми өкілі Қайырлы Ахмет.