Билбордқа бөлінген 649 жер учаскесі мемлекетке қайтарылды

Фото: istockphoto.com

2004 жылдан бастап 2020 жылға дейін Алматы қаласының Әкімдігі жалпы пайдаланудағы жерлерді тізімнен заңсыз алып тастап, билбордтарды пайдалану және қызмет көрсету үшін жер учаскелерін сауда-саттықты өткізбей жеке меншікке берген.

Жер учаскелері жер заңнамасының талаптарын бұза отырып сатылған.

Сот, Алматы қаласы прокуратурасының ұсынуын орындау мақсатында енгізілген Алматы қаласы Жер ресурстарын басқару департаментінің талап-арызын қанағаттандырды.

Жалпы алаңы 0,298 га жол бөлінген белдеуде жеке меншіктегі 649 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды.