Демалыс күндері ауа райы қандай болады? – Синоптиктер болжамы

Фото: Бауыржан Жуасбаев

Қазақстанда жақын күндері жылы ауа райы орнайды

5-7 қыркүйекте Қазақстанның басым бөлігі жоғары атмосфералық қысымның ықпалында болады. Осыған байланысты негізінен құрғақ және аздаған бұлтты ауа райы күтіледі.

«Қазгидромет» РМК болжамы бойынша, елдің батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың әсерінен кей жерлерде найзағай мен желдің күшеюімен қатар жүретін қысқамерзімді жаңбыр жаууы ықтимал.

Барлық өңірде жазғы мезгілдегідей жылы ауа райы орнайды. Шығыста, сондай-ақ оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында түнде ауа температурасы салқын күйінде сақталады.

Өңірлерде температура қандай болады?

  • Батыста, солтүстікте және орталықта– +25–33°C;

  • Шығыста– +20–25°C;

  • Оңтүстікте – +28–37°C;

  • Оңтүстік-шығыста– +20–30°C;

  • Оңтүстік-шығыстың таулы және тау бөктеріндегі аудандарында– +10–20°C.

Ең ыстық ауа райы елдің оңтүстігінде күтіледі. Мұнда ауа +37°Cдейін қызады. Батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарының жекелеген аудандарында қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшеюі мүмкін.