Балабақша, сауна және сыра дүкені бір ғимаратта: Астанада құтқарушылар өртті ауыздықтады

Балабақша, сауна және сыра дүкені... Үш нысан орналасқан екі қабатты ғимарат толығымен отқа оранды. Өрт сөндірушілер келгенде ғимараттың төбесі лаулап жанып жатқан. Қою түтін, айналадағы үйлердің тығыз орналасуы және тар жолдар құтқарушылардың жұмысына кедергі келтірген. Соған қарамастан, өрт сөндірушілер жалынды тез арада ауыздықтап, көрші тұрғын үйлерге таралуына жол бермеді. Өрт 250 шаршы метр аумақта толық сөндірілді. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ.

АЙТУҒАН БЕКЕНОВ, ҚАЛАЛЫҚ ТЖД ЖЕДЕЛ КЕЗЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

20 сағат 51 минутта Алматы ауданы Обаған көшесі мекен-жайында екі қабатты құрылыс өрт жану  туралы хабарлама келіп түсті. Өрт орнына 16 бірлік техника, 54 жеке құрам жұмылдырылды. Алдын ала анықталған мәлімет бойынша екі қабаттағы ғимараттың шатыры мен екінші қабаттағы бөлмелер, сондай-ақ жапсарласып салынған анғар түріндегі бастырмалар мен шатыры жанған.