Елде ауыл шаруашылығын қолдау кешенді түрде жүріп жатыр. Мемлекет меншігіне кайтарылған 13,5 миллион гектар жер толықтай шаруашылық айналымына енгізілді. Бүгінде оның 5,5 миллион гектары тұрғындардың мал жаюына берілсе, 8 миллион гектары конкурстық негізде фермерлерге таратылды. Жерді тиімді басқарумен қатар, өндіріске жасанды интеллект пен ғарыштық мониторинг жүйелері де енгізіліп жатыр. Оған қоса, аграрлық ғылымды ілгерілету үшін жалпы сомасы 28,9 миллиард теңгені құрайтын 34 ғылыми бағдарлама жүзеге асырылуда. 2030 жылға қарай отандық ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізу үлесін 40 пайызға жеткізу жоспарланып отыр. Сондай-ақ аграрлық бағыттағы жетекші жоғары оқу орындарын жаңғыртуға республикалық бюджеттен 57 миллиард теңге бөлінді.
ЖАСҰЛАН ИБРАЙХАНОВ, ҚР АШМ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ ТАЛДАУ ДЕПАРТАМЕНТІ ДИРЕКТОРЫНЫН ОРЫНБАСАРЫ:
Ауыл шаруашылығын тауарын өндірушілерді мемлекеттік қолдау қаржылық құралдарын субсидиялауды жеңілдікті кредиттер мен лизингті сондай ақ қаржылық емес қолдау шараларын қамтиды. Субсидиялау түріндегі мемлекеттік қолдау ауыл шаруашылық барлық негізгі бағыттарын оның ішінде өсімдік шаруашылығын, мал шаруашылығын балық шаруашылығын және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді қамтиды.