Қызылордалық диқандар орақ науқанына кірісті. Аймақтың егіс алқаптарында қызу жұмыс басталды. Ақсақалдар батасын беріп, сәттілік тіледі. Сала мамандары мен ғалымдар «Дала күні-2026» іс-шарасында бас қосып, атқарылған жұмысты саралады.
Дала төсіне орақ түсті. Биыл аймақта 193,7 гектарға ауылшаруашылығы дақылы орналастырылған. Оның 70 мың гектарын Сыр маржаны құрайды. Шаруалар соңғы жылдары су үнемдеу технолгияларын кеңінен қолдануда.
МҰРАТ ЕРГЕШБАЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІ:
Жүйелі шарадың нәтижесінде вегитациялық кезең тұрақты өтіп, егіс алқаптары сумен жоспарға сійкес қамтамасыз етілді. Одан бөлек су үнемднеу технолгияларын мемлекеттік қолдауға 2026-2028 жылдарға өңірге 34 млн теңгеден аса қаржы бөлінді. Бұл Сыр диқандары үшін ерекше қолдау.
Ыбырай Жахаев атындағы қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институнының тәжірибелік алаңында да жұмыс қызу. Ғалымдар жаңа сорттарды қолданысқа енгізуге тер төгуде. Биыл мемлекет тарапынан қолдау күшейтілген. Соған сай жауапкершілік жүгі де артты.
БАУЫРЖАН АСАНОВ, ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ҒЫЛЫМИ БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛАҒЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:
Институттың материалдық техникалық базасы нығайып жатыр. Оған мемлекет қаржысынан 4 млрдтан астам қаржы бөлінді. 121 бірлік техника алынатын болады. Ғалымдардың алдында тұрған ең үлкен мақсат өмнімділігі жоғары, су үнемдейтін сонымен қатар өте жоғары деңгейде сұранысқа ие ауыл шарушылығы дәнді дақылдарының жаңа сортарын шығару.
Мамандар «Дала күні-2026» жинында бас қосты. Атқарылған жұмыстар сараланып, болшаққа бағдар жасалды.