Ертең аңшылық маусымы басталады

  • AstanaTV
  • 04 қыркүйек 2026

Ертең аңшылық маусымы басталады. Алайда аңшы куәлігі, жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаты және аңшылық шаруашылығы субъектісінің жолдамасы болуы керек. Атыс қаруын қолданатындар болса, арнайы құжатын өзімен бірге алып жүруге міндетті. 5 қыркүйектен бастап кекілік пен қабанды аулауға рұқсат етіледі. Кекілік маусымы 30 қарашаға дейін, ал қабан аулау 31 желтоқсанға дейін жалғасады. Құрға да дәл осы күннен бастап,15 желтоқсанға дейін аңға шықса болады. Ал аңшы иттері мен қыран құстар пайдаланылса, бұл аң түріне 15 тамыздан бері рұқсат бар.

АЯН ДОСЫМАНОВ, АҢШЫ:

Аңға Қансонар кезінде, сезон ашылған кезде шығамыз. Көбінесе. Жазғы мезгілде біз көп шыға қоймаймыз. Бұндай ыстықта тазының өкпесі кетеді. Жанады. Травма алып қалады. Сол үшін біз кешкі салқынмен, таңғы салқынмен аңға шығамыз. Тек солай.