Аламан бәйгеде үш медаль да қазақстандықтарға бұйырды. Айман алтын алса, Көксерек күміспен күптелді. Қараағаш қоржынға қола салды. Бүгін қазақ бәйгесінің бағы мен бабы қатар келген күн болды. Ұшқыр жарыста да отандастарымыз 3 орынды өздері алды. Топ пен құнан бәйгеде қарсыластарынан оқ бойы озған оғландарымыз 2 алтын мен бір күміс, бір қола еншіледі. Нұршашу нұрын шашып, Орда болса бәйге өзінің ортасы екенін дәлелдеді. Садағын сайлаған сайыпқырандарымыз 2 алтын,1 күміс, 1 қоланы қоржынға салды. Айкөркем мен Әли аянып қалмады, Әсемгүл мен Аяш адырнаны тартып, алтынды отанына арнады. Сонымен бірге, қос палуанымыз қазақ күресінде күміспен күптелді.