Volkswagen әлем бойынша 100 мыңға жуық жұмыс орнын қысқартады

Фото: Volkswagen AG

Volkswagen Group ауқымды қайта құрылымдау жоспарын бекітті.

Компанияның ресми мәліметінше, жаңа жоспар аясында әлем бойынша қосымша 50 мың жұмыс орны қысқарады. Бұған дейін Германияда 2030 жылға дейін 50 мыңға жуық қызмет орнын қысқарту жоспарланған еді.

Осылайша, жалпы қысқарту 100 мыңға жуық жұмыс орнын қамтиды. Reuters мәліметінше, бұл – Volkswagen тарихындағы ең ауқымды қайта құрылымдау шараларының бірі.