БҚО-да мал ұрлығының бірнеше дерегі ашылды

Фото: polisia.kz

Полиция жедел-іздестіру іс-шаралары барысында екі адамның мал ұрлығының 9 дерегіне қатысы бар екенін анықтады.

Алдын ала мәлімет бойынша күдіктілер бірнеше ай ішінде бес бас ірі қара мен алты жылқыны ұрлаған. Олардың арасында еркін жайылымда жүрген мал да бар. Келтірілген материалдық шығынның жалпы көлемі — 5,5 млн теңгеге жуық.

Қазіргі уақытта күдіктілер ұсталды.